"Ресей нарығындағы Иранның үлесі артады"

Реиси Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі туралы ақпарат берді.

1765657
"Ресей нарығындағы Иранның үлесі артады"

Иран президенті Ибрахим Реиси елінің Ресей нарығындағы үлесі артуы мүмкін екенін және екі ел басшыларының бұл мәселеде келіскенін айтты.

Иран президенттігінің мәлімдемесіне қарағанда Реиси Ресейдегі кездесулері аясында ел астанасы Мәскеуде ирандықтармен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды бағалады.

Реиси Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі туралы ақпарат берді.

"Иранның Ресей нарығындағы үлесі артуы мүмкін. Ресей президентінің өзі Иранның Ресей нарығындағы үлесі сөзсіз артуы керек екенін айтты. Ынтымақтастықты арттыру үшін проблемалар мен кедергілерді жоюға ерік молынан жетеді" деді президент.

Реиси кездесудің бір бөлігінің экономикалық саладағы қарым-қатынастарды арттыруға бағытталғанын білдірді.

«Кездесу қорытындысы мынадай: екі елдің көшбасшылары проблемаларды шешіп, қарым-қатынастарды нығайтуды қалайды» деді ол.

Ресми келіссөздер жүргізу үшін кеше Мәскеуге барған Реиси Ресей президенті Путинмен кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар