Араб коалиция күштері хоуситтерге қарсы операция жасады

Араб коалиция күштері Йеменнің көптеген қаласында хоуситтерге қарсы кең көлемді операция ұйымдастырғандарын жариялады.

1765731
Араб коалиция күштері хоуситтерге қарсы операция жасады

Сауд Арабиясының басшылығындағы Араб коалиция күштері Йеменнің көптеген қаласында хоуситтерге қарсы кең көлемді операция ұйымдастырғандарын жариялады. 

Сауд Арабиясының хабар агенттігі "SPA"-ның хабарына қарағанда Араб коалиция күштерінің операциясы жай халықты қорғау  үшін  жасалуда.  Мәлімдемеде "Хоуситтерді залалсыздандыру үшін Йеменнің қалаларында кең көлемді әскери операция жүргізілуде" делінді. 

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздық болған Йеменде Иран қолдауындағы хоуситтер мен коалиция күштері қолдаған үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар жалғасып келеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар