Польшалықтар Ковид-19-ды арттыратын ген тапты

Мамандар осы геннің Ковид-19 індетінің адамдарға қаншалықты әсер ететінін белгілейтін жас, салмақ және жыныстан кейінгі 4-ші ең басты фактор екенін анықтады.

1763786
Польшалықтар Ковид-19-ды арттыратын ген тапты

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің ауыр болу қаупін екі есе арттыратын бір ген табылды.

Польшадағы Белосток университеті басшылығында жасалған зерттеуде 1500 Ковид-19 науқасқа 18 ай бойынша бақылау жасалды.

Польшалық мамандардың зерттеуі аясында Ковид-19 індетін ауыр өткізу қаупін екі есе арттыратын бір гендік нұсқа анықталды. Мамандар бұл геннің басқа себептермен бірге қатты қауіптегілерді ерте байқауға жәрдемші болатынын білдірді.

Польшаның денсаулық сақтау министрі Адам Нидциелски 1.5 жылдық зерттеуден кейін Ковид-19 себепті науқастануға бейім адамдардағы генді анықтаудың мүмкін болғанын жариялады. 

Адам Нидциелски осы арқылы Ковид-19 індетінің әсеріне ең көп ұшырайтын адамдардың анықталатынын айтты.

Белосток университеті Медицина факультетінің зерттермендері аталмыш геннің Ковид-19 індетінің адамдарға қаншалықты әсер ететінін белгілейтін жас, салмақ және жыныстан кейінгі 4-ші ең басты фактор екенін анықтады. 

Зерттеушілер еуропалықтардың 10 пайызында, Оңтүстік азиялықтардың төрттен бірінен көбінде осы ген болғанын жеткізді. 

Жобаға жауапты Профессор Марчин Мониушко бұл ген Польша жан санының 14 пайызында, Еуропа жан санының 8-9 пайызында, Үндістан жан санының 27 пайызында байқалғанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар