Коронавирусқа арналған қытай дәрісі сынақтан өтті

Пәкістанда ғалымдар оны ықпалды деп отыр.

1764435
Коронавирусқа арналған қытай дәрісі сынақтан өтті

Пәкістан коронавирустың жаңа түрін (Ковид-19) емдеуге арналған қытайлық компания шығарған дәрінің клиникалық сынақтары сәтті өткенін хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Халықаралық химия және биологиялық ғылымдар орталығының басшысы, профессор доктор Икбал Чаудри Карачиде баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол «Juxiechang (Пекин)» шығарған  «Jinhua Cinggan Granules» атты шөптен жасалған дәрі-дәрмектің Ковид-19, соның ішінде Omicron штамына қарсы ықпалды екенін айтты.

Оның айтуынша сынақтар әртүрлі Ковид-19 штамдары жұққан 300 адамда жүргізілген. Чаудри аталмыш препараттың жеңіл және орташа ауырлықтағы жағдайларда 82,67 пайыз әсер ететінін анықтағанын білдірді.

Чаудри препараттың қашан қол жетімді болатыны туралы ақпарат бермеді.

Аталмыш  препарат қазіргі уақытта Қытайда Ковид-19-ды емдеуде қолданылып отыр.



Ұқсас жаңалықтар