Катар Сирия мәселесіне шешім қарастыруда

Сыртқы істер министрі Абдуррахман әл-Тани БҰҰ Сирия арнайы өкілімен бас қосты.

1763992
Катар Сирия мәселесіне шешім қарастыруда

Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бен Абдуррахман әл-Тани Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Гейр О. Педерсенмен Сирия тақырыбын кеңесті.

Катар ресми агенттігі QNA-ның хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Абдуррахман әл-Тани астана Дохаға сапарлай келген Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Гейр О. Педерсенмен бас қосты.

Кездесуде сириялықтарға гуманитарлық жәрдем беруді оңайластыруға тоқталған екі басшы Сирия дағдарысы мен Сирия халқының қиыншылықтарын аяқтататын саяси шешімге жетудің маңыздылығын баса дәріптеді.

Сыртқы істер министрі Абдуррахман әл-Тани астана Дохада Сирия Оппозициялық және төңкерісшіл күштер Ұлттық коалициясының төрағасы Салим әл-Муслатпен де кездесу өткізді.



Ұқсас жаңалықтар