10 доллардың 8-і дамыған елдерде жұмсалады

«2022 Давос күн тәртібі» жалғасып жатыр.

1764097
10 доллардың 8-і дамыған елдерде жұмсалады

 

 Дүниежүзілік экономикалық форумға бейне хабарламамен қатысқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш жеткізу тізбегіндегі мәселелер мен жоғары инфляцияның экономиканың қалпына келуін баяулатқанын баса айтты.

Дамыған елдердегі жаңа типтегі коронавирусқа  қарсы вакцинация қарқыны Африка елдерінен «7 есе жоғары» екенін айтқан Гутерриш осы көрсеткіштің тіпті ұят екенін білдірді.  Ол фармацевтикалық компанияларды вакцина лицензияларын даму жолындағы елдермен бөлісуге шақырды.

Жаһандық экономиканың қалпына келуінің нәзік және тұрақсыз екенін айтқан Гутерриш 10 доллардың 8-і сауықтыру процесінде дамыған елдерде жұмсалғанын атап өтті.

Табысы төмен және даму жолындағы елдерде экономикалық өсудің айтарлықтай бәсеңдегенін айтқан Антонио Гутерриш бұл елдердің қарыздарын қайта құрылымдау туралы үндеуін қайталады.



Ұқсас жаңалықтар