Иракта Мәжіліс төрағасының партия ғимаратына шабуыл жасалды
Иракта Такаддум партиясы ғимаратына гранатамен шабуыл жасалды.

Ирактың бас қаласы Бағдатта Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Халбуси басшылық жасайтын Такаддум партиясы ғимаратына гранатамен шабуыл жасалды.
Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Бағдаттың Азамийе аймағындағы партия ғимаратына кім екені әлі анықталмаған адамдардың шабуылы салдарынан ғимаратқа зиян келді. Шабуылда өлі немесе жаралы жоқ екені атап көрсетілді.
Такаддум партиясы мүшесі Махмуд Исави мәлімдемесінде шабуылдың «құрмет медалі» екенін білдірді.
Ирактың федералдық жоғарғы соты 9 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланған Мұхаммед Халбуси мен оның екі орынбасарының міндетін әкімшілік шешімімен уақытша тоқтатқан болатын.
Сот бірінші отырыста жүзеге асқан Мәжіліс төрағалығы сайлауының заңды емес деген себепті жасалған наразылық бойынша аталмыш шешімді қабылдады.
Ирак Хизбулласының әскери мәлімдемешісі Әбу Әли Аскари екі күн бұрын жасаған мәлімдемесінде Мәжіліс төрағасы сайлауын сынға алып, баршаға зияны тиетінін айтып қорқытқан болатын.