АҚШ Ресейге экономикалық санкция жасауға дайын

Джейк Салливан Украина тақырыбында  Ресейге экономикалық санкция салуға дайын екендерін білдірді.

1762530
АҚШ Ресейге экономикалық санкция жасауға дайын

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан Украина тақырыбында  Ресейге экономикалық санкция салуға дайын екендерін білдірді. 

Салливан Ақ Үйдегі күнделікті баспасөз брифингінде Ресей мен Украина тақырыбында Женева, Брюссель және Венада өткізілген кездесулерге тоқталды. 

Салливан аталмыш кездесулерде әрі АҚШ-тың, әрі Ресейдің алаңдаған тақырыптарын тілге тиек еткенін түсіндірді.  

Салливан "Кездесулер сәтті өтті. Пайдалы кездесулер еді. Бұл кездесулер бізге Ресей жайлы ойланатын дәлелдер берді" деді. 

Кездесуден кейін одақтастарымен процестің қалай жалғасатыны жайлы ақылдасатындарын баяндаған Салливан "Еуропа-Атлант қауіпсіздігі және тұрақтылығы үшін жұмыс істеуге дайынбыз. Сонымен қатар Ресей бір басқа жол таңдаса оған тойтарыс беруге де дайынбыз" деді. 

Салливан АҚШ-тың Украинаның территория тұтастығы және егемендігін қорғау үшін қолынан келгенін істейтіндерін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар