Нигерияда 3 қабатты шіркеу құлады
Апат кезінде шіркеуде 50-ден астам адам бар екені білдірілді.

Нигерияның Дельта уәлаятында 3 қабатты шіркеудің құлауы салдарынан алғашқы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тапты.
Дельта уәлаяты Денсаулық сақтау инспекторы, дәрігер Онони Морди штаттың Окпанам аймағында 3 қабатты шіркеудің құлағанын мәлімдеді.
Морди үйінділер астынан 10 адамның мәйітін тапқандарын, 8 адамның тірілей құтқарылғанын хабарлады.
Аймақта іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын, жаралылардың емханаларға жеткізілгенін білдірген Морди өлгендер санының артуы мүмкін екеніне назар аударды.
Апат кезінде шіркеуде 50-ден астам адам бар екені білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар

Африкалықтар көш жолында қаза табуда
Әр жылы жүздеген африкалық тіпті жақсы тұрмыс кешіру үшін Сауд Арабиясына көшуге тырысуда. мигра
«Әлемдегі ең қарт адам»-Хуан Винсенте Мора
Венесуэлалық Хуан Винсенте Мораның 11 баласы, 41 немесесі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар.