Нигерияда мектептен алып қашқан 30 адам босатылды

Кебби уәлаятында қарулы топ алып қашқан 29 оқушы мен 1 мұғалім босатылды.

1760591
Нигерияда мектептен алып қашқан 30 адам босатылды

Батыс Африка елі Нигерияның Кебби уәлаятында алып қашқан 29 оқушы мен 1 мұғалім 7 айдан кейін босатылды.

Кебби губернаторының баспасөз мәлімдемешісі Яхая Сарки жасаған мәлімдеме уәлаяттың Бирнин Яури аймағындағы Федералдық қыздар колледжінен 17 маусым күні қарулы адамдар ұрлап кеткен 29 оқушы мен 1 ​​мұғалімнің босатылғаны атап көрсетілді.

Сарки оқушылардың қалай босатылғаны туралы толық мәлімет бермесе де, босатылған адамдардың денсаулығы тексерілген соң отбасыларына тапсырылатынын мәлімдеді.

Қарулы топ 17 маусым күні Кебби уәлаятына қарасты Бирнин Яури аймағындағы Федералдық қыздар колледжіне жасаған шабуылда 2 полиция қызметкері мен 4 мұғалім қаза тапқан болатын.

Шабуылдан кейін уәлаяттағы 7 мектепте қауіпсіздік мәселесіне байланысты оқу тоқтатылды.

Нигерияның Бенуэ, Плато, Кацина және Замфара сияқты уәлаяттарында бірнеше рет мектептерден оқушы ұрланған болатын. Мектептерді нысанаға алған шабуылдар себепті кейбір уәлаяттарда оқу процесі тоқтатылған еді.



Ұқсас жаңалықтар