Йемен армиясы Айн ауданын бақылау астына алды

Йемен армиясына қарасты күштер Айн ауданының орталығына басып кіріп, бақылауды қолына алды.

1759951
Йемен армиясы Айн ауданын бақылау астына алды

Йемен армиясы мемлекеттің оңтүстік-шығысындағы Шебве уәлаятында Хоуситтердің "соңғы қорғаны" деп аталған Айн ауданында бақылауды қолына алды. 

Әскери қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда Йемен армиясына қарасты күштер Айн ауданының орталығына басып кіріп, бақылауды қолына алды. 

Айн ауданының қайтарылып алынуымен армияның мұнай қойнауы Шебвенің 17 ауданында да тәртіп орнатылды. Хоуситтер болса Мариб және Эл-Бейда уәлаяттарына қарай шегінуге мәжбүр болды. 

Хоуситтер осы тақырыпқа байланысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ. 

 



Ұқсас жаңалықтар