БҰҰ: "Украинаға қарсы кез-келген әскери операция көргіміз келмейді"

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеме жасады.

1757357
БҰҰ: "Украинаға қарсы кез-келген әскери операция көргіміз келмейді"

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Украинаға бағытталған әскери операция көргісі келмейтінін мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз брифингінде АҚШ президенті Джо Байден мен орыс әріптесі Владимир Путин арасындағы жоғары деңгейдегі кездесуді қоса алғанда, Ресей-Украина тақырыбындағы байланыстарды құптайтынын мәлімдеді.

Ресей мен Украина арасындағы күшейіп жатқан шиеленістің алаңдатарлықтай деңгейде екенін айтқан Дюжаррик «Біз қайдан келгеніне қарамастан, Украинаға қарсы кез-келген әскери операция көргіміз келмейді» деді.

Дюжаррик шиеленісті азайту мақсатында келіссөздің жалғасуын тілегендерін айтты.

Ресейдің Украина шекарасында соңғы айлардағы әскери болмысын арттыруы Ресейдің Украинаға басып кіретіні жөніндегі уайымдарды және Батыс пен Мәскеу арасындағы шиеленісті күшейтті.

Шиеленісті азайту шақырулары мен осы бағытта байланыстар жалғасып жатқанда Ресей, АҚШ және НАТО арасында келесі апта қауіпсіздік кепілдіктерін талқылау үшін келіссөздер өткізілуі жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар