Ұшақта өрт шығып, апатты жағдайда қонды
Жолаушылар ұшақтан дереу эвакуацияланды.
Англиядан Португалияға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының ішінде жарылыс болып, өрт шықты. Ұшқыштар 7 минут ішінде ұшақтың биіктігін 12500 метрден 2 мың метрге түсіріп, апатты жағдайда қонды.
Ryanair компаниясының FR4052 рейсіндегі ұшағы Португалияға бару үшін Англияның Манчестер қаласынан көтерілді.
Сапардың аяқталуына бір сағат қалғанда ұшақ ішіндегі жарылыс салдарынан өрт шыққан.
Boeing 737-8AS ұшағының ұшқыштары Ла-Манштың үстінде 7 минут ішінде кенеттен 12 500 метрден 2 100 метрге дейін төмендеді.
Францияның солтүстігіндегі Брест қаласына шұғыл қонған ұшақты өрт сөндірушілер мен полиция көліктері қарсы алды.
Жолаушылар ұшақтан дереу эвакуацияланды.
Францияның британдықтар үшін қойылған қатаң жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) карантиндік ережелеріне қарамастан, жолаушыларға көп ұзамай басқа ұшаққа отыруға және Португалияға өтуге рұқсат етілді.