Круиздік кемелердің қызметі тоқтатылды

Барлық круиздік кемелер 21 қаңтарға дейін тоқтатылды.

1756796
Круиздік кемелердің қызметі тоқтатылды

Бразилияда коронавирустың жаңа түрінің  Omicron штамының таралуына байланысты круиздік кемелердің қызметі уақытша тоқтатылды.

Федералды үкіметтің мәлімдемесіне сәйкес, Omicron штамының таралуына байланысты барлық круиздік кемелер 21 қаңтарға дейін тоқтатылды.

Осы шешім елдің денсаулық сақтау органдарының соңғы күндері круиздік кемелердегі жағдайлардың көбеюі туралы ескертуінен кейін қабылданды.

Денсаулық сақтау қызметкерлері 26 желтоқсаннан бері туристік аймақтардан шыққан круиздік кемелерде шамамен 800 вирус жұғу жағдайы анықталғанын атап өтіп, вирустың таралуы туралы ескертті.

Рио-де-Жанейро портына тоқтаған «MSC Preziosa» круиздік кемесінің бортындағылар 26 жолаушы мен 2 экипажда Ковид-19 анықталғаннан кейін түсу үшін 6 сағат күтуге мәжбүр болған еді.



Ұқсас жаңалықтар