Ковид инфекциясы киіктерге көп жұққан

Ковид-19 індеті табиғаттағы тірі тіршілік иелеріне де қауіп төндірді.

1756747
Ковид инфекциясы киіктерге көп жұққан

Дүниежүзілік Ковид-19 індеті табиғаттағы тірі тіршілік иелеріне де қауіп төндірді.

Адамнан жануарға жұғатын індеттің әсіресе киіктер арасында тез тарағаны айтылды.

Америка Құрама Штаттарында жүргізілген зерттеулерде адамдардың кем дегенде 6 киікке Ковид-19 жұқтырғаны анықталды.

Огайо университетінде жүргізген зерттеуде 360 киікке тест жасалды.

Алынған сынамалардың 35,8 пайызы оң нәтиже берді.

Әзірге Ковид-19-дың киіктен адамға жұғу дерегі жоқ, бірақ мұның мүмкін екенін айтқан ғалымдар жабайы табиғатта таралатын вирустың індетпен күресті қиындататынын атап өтті.

Киіктердегі мутация вирустың жаңа штамын тудыратын болса, бұл адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.

Пенсильвания университетінің вирусологы Сураш Кучипуди: "Вирустың жабайы табиғатта таралуы және барлық жағдайдың белгісіз болу мүмкіндігі бізді алаңдатады» деді.

Огайо және Пенсильвания университеттерінің зерттеулері Ковид-19 инфекциясының адамнан жануарларға жұғатынын анықтады.



Ұқсас жаңалықтар