Бомба тиелген екі әуе аппараты залалсыздандырылды

Нысанаға алынған Айн әл-Асад базасында халықаралық коалицияның кеңесшілері бар.

1756818
Бомба тиелген екі әуе аппараты залалсыздандырылды

Ирактың батысындағы Айн әл-Асад базасын нысанаға алған бомба тиелген екі ұшқышсыз ұшу аппараты залалсыздандырылды.

Ирак әскери ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, шабуыл әрекетіне халықаралық коалиция күштерінің әуе қорғаныс жүйесі тосқауыл қойған.

Ал нысанаға алынған Анбар провинциясындағы Айн әл-Асад базасында халықаралық коалицияның кеңесшілері бар.

Террор ұйымы ДЕАШ-қа қарсы халықаралық коалицияның жауынгерлік күштерінің Ирактағы миссиясын желтоқсан айында аяқтағаны жарияланған еді. Коалиция күштері Айн әл-Асад базасын эвакуациялап, техникаларын Ирак армиясына тапсырған болатын.

Кеше де Ирактағы халықаралық Бағдат әуежайына жіберілген жарылғыш зат тиелген 2 ұшқышсыз әуе аппаратының  залалсыздандырылғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар