Ирандағы су тасқыны мен жай түсу салдарынан 3 адам мерт болды

Иранның ресми ақпарат агенттігі су тасқынымен байланысты жаңа бейнекөріністер жариялады.

1756359
Ирандағы су тасқыны мен жай түсу салдарынан 3 адам мерт болды

Иранның оңтүстігінде нөсер жауын салдарынан болған су тасқыны мен жай түсуге байланысты үш адам қаза тапты.

Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA-ның хабарына қарағанда Парсы провинциясына қарасты Дараб аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы Муджахид Дебистани нөсер жауын себепті көшелердегі каналдардың су деңгейінің көтерілгенін, бір әйелдің каналға құлап, қайтыс болғанын мәлімдеді.

Сол штатқа қарасты Мехр ауданында болса өзенге құлаған 4 адамның бірі қайтыс болды.

Бушехр Төтенше жағдайлар басқармасы бас директоры Джихангир Дехкани Бушехр провинциясына қарасты Ками-Кам ауданында найзағай ойнап, бір ауғандықтың жай түсіп ажал құшқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар