Германияда шабуыл жасалған зиратта еске алу бағдарламасы өтті

Еске алу бағдарламасына саясат қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері және мұсылман көпшілік қатысты.

1755986
Германияда шабуыл жасалған зиратта еске алу бағдарламасы өтті

Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия штатының Изерлон қаласында қиратылған мұсылман зиратында еске алу бағдарламасы өтті. 

Еске алу бағдарламасы Түрік-Ислам Дін істері Одағына қарасты Изерлон орталық мешітінің діни қызметкері Харун Улудың Құран оқуымен басталды. 

Осында үн қатқан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастар комитетінің төрағасы, Әділет және даму партиясы Сыртқы байланыстар төрағасының орынбасары Зафер Сыракая опасыз шабуылдың артынан саясаттың, азаматтық қоғам мекемелері мен қоғамның бірігуінің ынтымақтастықтың көрсеткіші екенін айтты. 

Сыракая бұл бағдарламаның адамзаттың мұндай шабуылдарға қарсы ұстанымын көрсету тұрғысынан да өте маңызды болғанын білдірді. 

Жаңа жыл түнінде Изерлон қаласында жасалған бұл опасыз шабуылда түріктер мен мұсылмандарға тиесілі құлпытастар сындырылып, мазарларға зиян келтірілген болатын. 

Сыртқы істер министрлігі жариялаған жазбаша хабарламада мұсылмандар зиратына шабуылдаушылардың ұсталып, жауапқа тартылуы және тиісті жазаның кесілуі талап етілді. 



Ұқсас жаңалықтар