"НАТО Ресеймен соғысуға дайындалады"
Александр Фомин Мәскеуде НАТО-ның істеріне баға берді.

Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин НАТО-ның елімен «ауқымды қарулы қақтығысқа дайындалу» мақсаты бар екенін айтты.
Александр Фомин Мәскеуде шетелдердің әскери атташелері ұйымдастырған брифингте НАТО-ның істеріне баға берді. Ол НАТО-ның соңғы кезде Ресейді тоқтату үшін қадам басқанын білдірді. Фомин елінің Қырғиқабақ соғыстан кейін НАТО-мен қатынас орнату үшін бірнеше рет бастама көтергенін еске салды.
Александр Фомин Ресейдің батыс шекарасын қарусыздандырғанын және батыс елдерімен «көркейтуші серіктестік қатынастарын құру үшін» әрқашан дайын екенін алға тартты. Ол НАТО-ның болса «Ресеймен соғысқа дайындалғанын» білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Ядролық 8 реактор салынады
«Great British Nuclear» деп аталатын жаңа бөлімде жаңа жобалар дереу күн тәртібіне қойылады.