Еуропа тұрғындарының үштен екі бөлігі вакцинацияланды

ЕО территориясында бүгін 303 миллион адам толық вакцинацияланды.

1753217
Еуропа тұрғындарының үштен екі бөлігі вакцинацияланды

Еуропа Одағында коронавирус вакцинациясы басталғаннан кейінгі бір жылда тұрғындардың 67,8 пайызы екпе салдырды.

ЕО елдерінде 2020 жылдың 27 желтоқсан күні басталған вакцинация акциясынан бүгінге дейін 710 миллион доза екпе салынды.

Еуропа Ауруды бақылауға алу және бақылау орталығының деректеріне қарағанда,  шамамен 450 миллион адам өмір сүретін ЕО территориясында бүгін 303 миллион адам толық вакцинацияланды.

«Толық вакцинациялы» атауы Еуропа Одағында бекітілген BioNTech-Pfizer, Moderna және  AstraZeneca вакциналарынан екі доза, Johnson and Johnson бір доза алғандарды қамтиды.

ЕО елдері арасында вакцинация мөлшері ең жоғары ел болса қазір Дания.  Данияда халықтың 83 пайызы толық вакцинацияланды.  Осы елден кейін 82,2 пайызбен Португалия, 82 пайызбен Малта, 77 пайызбен Ирландия, 76,1 пайызбен Бельгия, 74,9 пайызбен Испания келеді.

Ең аз вакцинация болса Еуропаның шығысында байқалды.  Болгарияда толық вакцина алғандардың мөлшері 27,1 пайыз, Румынияда 40,1, Словакияда 47,4 және Хорватияда 51,7 пайыз деңгейінде.



Ұқсас жаңалықтар