Израиль әскерлері палестиналықтарға пластикалық оқ атты
Еврейлер 17-18 желтоқсанда Батыс Шерияда кейбір ауылдарға шабуыл жасап, палестиналықтардың үйлеріне оқ жаудырған еді.

Израиль әскерлері жаулау астындағы Батыс Шарияның Наблус қаласында палестиналықтарға пластикалық оқ атты. Оқиғада 15 адам жарақат алды.
Палестина Қызыл жарты ай қоғамынан жасалған мәлімдемеде кеше Наблустың солтүстігіндегі Бурка ауылында Израиль әскерлерінің палестиналықтарға палестиналық оқ атқаны, оқиғада 15 адамның жарақат алғаны білдірілді. Мәлімдемеде сонымен қатар 52 адамның да көз жасаурататын газдан зардап шеккені баяндалды.
Израиль әскерлерінің қорғауындағы еврейлер Бурка ауылы маңындағы Хурмеш елді мекенінен көлікпен өткен палестиналықтарға тас лақтыруда.
Еврейлер 17-18 желтоқсанда Батыс Шерияда кейбір ауылдарға шабуыл жасап, палестиналықтардың үйлеріне оқ жаудырған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Анн Линде НАТО мүшелігіне өтініш құжатына қол қойды
Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде елінің НАТО мүшелігіне өтініш құжатына қол қойды.

Виктор Орбан қайтадан сайланды
Премьер-министр болып сайланған Орбан ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.