Владимир Путин мен Ши Жинпинг кездесті

Ши Жинпинг Қытай мен Ресейдің халықаралық әділет пен теңдіктің қорғаушысына айналғанын айтты.

1748146
Владимир Путин мен Ши Жинпинг кездесті

Қытай төрағасы Ши Жинпинг елімен Ресейдің жауапкер ірі елдер ретінде соңғы кезеңде "халықаралық салада көп тараптылық, халықаралық әділет пен теңдіктің өкілі екені" көзқарасын тілге тиек етті.

Қытай төрағасы Ши Жинпинг Ресейдің президенті Владимир Путинмен интернет арқылы кездесу өткізді.

Кездесуде Пекин мен Мәскеудің соңғы кезде артқан ынтымақтастығына риза екенін айтқан Ши Жинпинг екі елдің халықаралық әділет пен теңдіктің қорғаушысына айналғанын айтты.

Қытай мен Ресейдің соңғы кезде өз қауіпсіздіктері мен мүдделерін қорғау үшін ортақ әрекет жасауы керектігін айтқан Ши Жинпинг:

"Қазір кейбір халықаралық күштер демократия мен адам құқығын сылтау етіп Қытай мен Ресейдің ішкі істеріне қалауынша араласуда, халықаралық құқық пен халықаралық байланыстардың негізгі нормаларын аяқ-асты етуде" деді.

Қытайдың мүддесін қорғауына берген қолдауы мен Қытай мен Ресейдің арасын бұзу талпыныстарына қарсы шыққаны үшін Путинге алғыс айтқан Ши Жинпинг екі елдің күшейген байланысын болашаққа жалғастыруы керектігін атап айтты.

Екі ел байланыстарының дамығанына меңзеген Владимир Путин:

"Елдеріміз арасында ішкі істерге араласпау және өзара мүдделерімізге құрмет ету, ортақ шекараны шексіз бейбітшілік пен тату көршілікке айналдыру шешімі ережелерін негіз еткен тың ынтымақтастық үлгісі қалыптасты" деді.

Путин Қытаймен атомдық энергия, өнеркәсіп және жоғарғы технология салаларында ортақ жобаларды жалғастыратындарын айтты. 

Қытайда 2022 жылы 4-20 ақпанда ұйымдастырылатын Қыс Олимпиада ойындарының беташарына шақырғаны үшін Ши Жингинге алғыс айтқан Путин беташар рәсімі алдында екі жақтылы кездесу өткізетіндерін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар