Йеменде мина жарылысы: 3 бейбіт адам қаза тапты

Йеменнің Әл-Джауф провинциясында минаның жарылуы салдарынан 3 бейбіт тұрғын қаза тапты.

1747507
Йеменде мина жарылысы: 3 бейбіт адам қаза тапты

Йемен Мина бақылау орталығынан жасаған жазбаша мәлімдемеде Мариб пен Әл-Джауф провинцияларын байланыстыратын шөл жолында азаматтық көліктің өтуі кезінде жолға орналастырылған минаның жарылғаны атап көрсетілді.

Жарылыста 3 адамның қаза тапқаны және 3 адамның жараланғаны айтылған мәлімдемеде минаны кімнің салғаны туралы мәлімет берілмеді.

Йемен үкіметі мен хоуситтер бұл тақырыппен байланысты әлі мәлімдеме жасамады.

Ұзақ уақыт бойы саяси тұрақсыздық орын алған Йеменде хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасында қақтығыстар жалғасуда.

Хоуситтер 2014 жылы қыркүйек айынан бастап бас қала Сана мен кейбір аймақтарды бақылауда болса Сауд Арабиясы басқаратын коалиция күштері 2015 жылдың наурыз айынан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар