Мексикада 54 адам жол апатында қаза тапты
Заңсыз босқындар мінген жүк көлігі тас жолда аударылып, 54 адам қаза тапты.

Мексиканың оңтүстігінде заңсыз босқындар мінген жүк көлігі тас жолда аударылып, 54 адам қаза тапты.
Мемлекеттік прокуратура жасаған мәлімдемеде Чиапас штатында заңсыз түрде иммигранттарды тасымалдағаны анықталған жүк көлігінің тас жолдың шетіндегі тіреу қабырғасына соғылып, аударылғаны айтылды.
Апат салдарынан жүк көлігіндегі 54 адам қаза тапты, 59 адам жарақат алды, кейбірінің жағдайы ауыр.
Лауазымдылар тіркемеде тасымалданған босқындардың көпшілігінің Гватемала, Гондурас және Сальвадор азаматтары екенін хабарлады.
Чиапас губернаторы Рутилио Эскандон Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде құрбандармен ынтымақтасқанын және қылмыскерлердің табылатынын атап көрсетті.
Прокуратура жол апатына қатысты тергеу басталғанын жариялады.
Ұқсас жаңалықтар

Африкалықтар көш жолында қаза табуда
Әр жылы жүздеген африкалық тіпті жақсы тұрмыс кешіру үшін Сауд Арабиясына көшуге тырысуда. мигра
«Әлемдегі ең қарт адам»-Хуан Винсенте Мора
Венесуэлалық Хуан Винсенте Мораның 11 баласы, 41 немесесі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар.