"Демократия саммиті" АҚШ-та басталды

Джо Байден қазір бүкіл әлемде демократия мен адам құқығының қауіпте екенін білдірді.

1745449
"Демократия саммиті" АҚШ-та басталды

Америка Құрама Штаттарының үй иесі болуымен ұйымдастырылған екі күндік "Демократия саммитінің" беташарында сөйлеген АҚШ президенті Джо Байден бүкіл әлемде демократия үшін әрекет етуге шақыру тастады.

Америка Құрама Штаттарының үй иелігінде интернет арқылы ұйымдастырылған екі күндік "Демократия саммиті" Джо Байденнің беташар сөзімен басталды. 

Байден қазір бүкіл әлемде демократия мен адам құқығының қауіпте екенін білдіріп:

"Демократия чемпиондарға мұқтаж" деді.

Демократияның жаңалануының және демократиялық ұйымдардың күшеюінің жалғасты талпыныс пен  әрекетті қажет ететінін дәріптеген Байден:

"Демократия кездейсоқ пайда болмайды. Әр бір ұрпақта оны жаңалауымыз керек" деп көрсетті. 

АҚШ президенті Джо Байден демократияның кейде нәзік болуы мүмкін екеніне меңзеп, бүкіл әлемді демократия үшін әрекет жасауға шақырды.

Әлемде баспасөз еркіндігінің ауыр қауіпке дөп келгенін айтқан Байден аталмыш тақырыпта көптеген қадамдар басатындарын хабарлады.

Джо Байден саммиттегі сөзінде:

"Бұл саммит барлық елдер үшін бір жыл жалғасатын іс-әрекеттердің бастамасы болады" деді.



Ұқсас жаңалықтар