Халықаралық соттан Арменияға ескерту

БҰҰ-нын Халықаралық соты Армениядан этникалық кемсітушіліктің алдын алуын сұрады.

1744528
Халықаралық соттан Арменияға ескерту

БҰҰ-нын Халықаралық соты Армениядан әзербайжандықтарға бағытталған этникалық кемсітушіліктің алдын алуын сұрады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) қарасты Халықаралық сот Әзербайжан мен Армения арасындағы «нәсілдік кемсітушілік» істеріне қатысты қабылдаған уақытша шаралар шешімін жариялады.

Голландияның Гаага қаласындағы Халықаралық сот «Әртүрлі нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның» бұзылуына байланысты Әзербайжан мен Армения арасында істер бойынша екі жақты уақытша шаралар туралы шешім шығарды. 

Сот Әзербайжанның талап-арызына қатысты шешімінде Арменияның әзербайжандықтарға бағытталған кейбір әрекеттердің нәсілдік кемсітушілік туралы конвенцияның әртүрлі баптарын бұзғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар Сот әзербайжандықтарға қарсы әлеуметтік желіде жүргізілген қоқан-лоққылар, қорлау және қаралау акцияларына назар аударған Әзербайжан делегациясының өтінішін назарға алып, Армениядан әзербайжандықтарға қарсы кемсітушілік жасамауын талап етті. Шешімде Арменияға өшпенді қылмыстар жасаған армяндардың алдын алу керектігі баса айтылды.

Арменияның атысты тоқтату келісіміне қарамастан Таулы Қарабахта жер астына мина төсеуді жалғастыруына қатысты ешбір шешім қабылдамаған Сот екі елге де қақтығысты ушықтырудан аулақ болу керектігін ескертті.



Ұқсас жаңалықтар