Иран ұшақтарының жартысы бұзылды

Ирандық лауазымды: "Ирандағы қазіргі ұшақтардың 170-і қаржы жетіспеу және санкциялар себепті қажетті қосымша бөлшектер алынбағандықтан ұша алмауда" деді.

1744246
Иран ұшақтарының жартысы бұзылды

Ирандағы ұшақтардың 50 пайызының санкциялар себепті жөнделмегендіктен ұшалмайтын күйге келгені білдірілді.

Иран Әуежолы компаниялар одағы Әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары Али Рыза Берхор мемлекеттік медиаға жасаған мәлімдемесінде әуежолы компанияларына жәрдем беруге шақырды. 

Али Рыза Берхор елдегі ұшақтардың 50 пайызының мотор және қосымша бөлшектермен қамдаудың санкциялар себепті мүмкін болмағандықтан жөнделмегенін және ұшуға жарамағанын айтты.

Али Рыза Берхор:

"Ирандағы қазіргі ұшақтардың 170-і қаржы жетіспеу және санкциялар себепті қажетті қосымша бөлшектер алынбағандықтан ұша алмауда" деді.

Аталмыш қиыншылықтар себепті халықтың әуежолы қатынасынан пайдалана алм ағанын айтқан Берхор үкіметтің осы тақырыпты шұғыл күн тәртіпке алуын және қосымша бөлшектермен қамдау жайлы қатысты компанияларға жәрдемші болуын сұрады. 

Ирандық лауазымды процес осылай жалғасқан жағдайда ұша алмаған ұшақ саны артатынын және мәселенің асқынатынын ескертті.

АҚШ-тың Иранға атқарған санкциялары азаматтық авиация секторын да қамтиды.  Санкциялар себепті Иран жолаушы ұшағы мен ұшақтың қосымша бөлшектерін импорт ете алмайды. 



Ұқсас жаңалықтар