БАӘ апта соңы 2.5 күн демалады

Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің жыл бойы елде жұма намазының сағат 13.15-те оқылуына шешім жасағаны білдірілді.

1744229
БАӘ апта соңы 2.5 күн демалады

Біріккен Араб Әмірліктерінде апта соңындағы демалыс күндері жаңа жылмен бірге жұма күні түсте басталаып, екі жарым күнге ұзартылады.

Елдің ресми хабар агенттігі WAM-ның хабарына қарағанда Біріккен Араб Әмірліктері үкіметі жаңа жұмыс жүйесінде апталық жұмыс күнін 4.5 күн деп белгілегені білдірілді.

Жаңа жұмыс жүйесі 2022 жылы 1 қаңтарда басталатыны білдірілген хабарда апта соңындағы демалыс күндері жаңа жылмен бірге жұма күні түскі сағат 12.00-де басталаып,  жексембі күнін де қамту арқылы екі жарым күн болатыны жеткізілді.

Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің жыл бойы елде жұма намазының сағат 13.15-те оқылуына шешім жасағаны білдірілді.

Мемлекеттік ұйымдардың барлығы атқаратын жаңа жұмыс жүйесінің Біріккен Араб Әмірліктері экономикасының жаһандық нарықпен үйлесуіне есе қосатыны атап көрсетілді.

Хабарда жаңа жүйеде мемлекеттік ұйымдардағы жұмыс күшін арттыру нысанаға алынғаны да білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар