Блинкен Мицотакиспен Украинаны талқылады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Грекия премьер-министрі Мицотакиспен телефонда сөйлесті.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен Ресейдің Украина шекарасындағы әскери жағдайы мен өзара инвестициялары талқылады.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Нед Прайс Блинкеннің Грекия премьер-министрі Мицотакиспен телефонда сөйлескенін білдірді.
Прайс «Министр Блинкен мен премьер-министр Мицотакис өзара қарым-қатынастарды бағалады. Ресейдің шабуылдаушы ұстанымы алдында Украинаның егемендігі мен шекара тұтастығын қолдауға қоса Еуропада тұрақтылықты ынталандыруда ынтымақтастықтың маңызын атап өтті» деді.
Прайс кездесуде АҚШ пен Грекия арасындағы инвестициялардың күшейтілуінің маңыздылығының да талқыланғанын атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Зауытқа оқ-дәрі жауды
Бейнежазбаны Донецктегі Ресей әскерлерінің қолбасшысы Александр Ходаковский Telegram-да жариялады.