ЕО-дан Украинаға қаржылай көмек
Украинаға қорғаныс cаласын нығайту және бейбітшілікке үлес мақсатымен 31 миллион евролық көмек беріледі.

Еуропа Одағы Украинаға қорғаныс cаласын нығайту және бейбітшілікке үлес мақсатымен 31 миллион евролық көмек беретінін хабарлады.
ЕО Кеңесінен жасалған жазбаша хабарламаға сәйкес, Украинамен бірге Грузия, Молдова және Малиді де қамтыған көмек аталмыш елдерде әскери әлеуетті және қорғанысты жетілдіріп, бейбітшілікке үлес қосуды мақсат етеді.
Украинаға әсіресе төтенше жағдайларда қолданылатын жылжымалы ауруханалар, логистикалық бөлімдер секілді әскери медициналық базаларды қаржыландыру мақсатымен 31 миллион евролық қайтарымсыз көмек 36 ай ішінде беріледі.
Грузияға да сондай мақсатпен және сондай мерзім ішінде 12 миллион 750 мың евролық, Молдоваға 7 миллион евролық көмек беріледі.
Малиге болса 30 айлық мерзім ішінде 24 миллион евролық көмек қазір елде қызмет атқаратын ЕО Білім миссиясы арқылы беріледі.
Ұқсас жаңалықтар

Африкалықтар көш жолында қаза табуда
Әр жылы жүздеген африкалық тіпті жақсы тұрмыс кешіру үшін Сауд Арабиясына көшуге тырысуда. мигра
«Әлемдегі ең қарт адам»-Хуан Винсенте Мора
Венесуэлалық Хуан Винсенте Мораның 11 баласы, 41 немесесі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар.