Франция БАӘ-мен ұшақ сату бойынша келісті

Ұшақтар 2027 жылдан бастап жеткізіле бастайды.

1742704
Франция БАӘ-мен ұшақ сату бойынша келісті

Франция Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) 80 Rafale типті жойғыш ұшағын сату туралы келісімге қол қойды.

Елисей сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда БАӘ-ге сапармен барған Франция президенті Эммануэль Макрон Абу-Даби тақ мұрагері шейх Мұхаммед Бин Заид Әл Нахаянмен 80 Rafale типті соғыс ұшағы мен 12 тікұшақ сату туралы келісімге қол қойды.

Мәлімдемеде бұл сатылымның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижесі екені айтылды.

Ұшақтар 2027 жылдан бастап жеткізіле бастайды.

Франция бұған дейін Мысырға 54, Катарға 36, Үндістанға 36 Rafale жойғыш ұшағын сатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар