АҚШ Ресейге ескерту жасады

«2014 жылғы Қырымдағы қадамдарға ұқсас қадам басылмауы» үшін шақыру тастады.

1742442
АҚШ Ресейге ескерту жасады

Америка Құрама Штаттарында Ақ Үй баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресейге ескерту жасады. Ол Украина тақырыбында ескерту жасап, «2014 жылғы Қырымдағы қадамдарға ұқсас қадам басылмауы» үшін шақыру тастады.

Псаки күнделікті баспасөз брифингінде соңғы күндері Украина тақырыбында артқан АҚШ-Ресей келіспеушілігі туралы айтты. Ол Мәскеудің Украинаға бағытталған «агрессивті» қадамдарын жақыннан бақылап отырғандарын және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің орыс әріптесі Сергей Лавровқа Украина тақырыбындағы алаңдаушылықтарын ашық тілге тиек еткенін айтты.

Псаки Америка Құрама Штаттарының Ресей алдында санкциядан басқа таңдауы болып болмағаны туралы сұраққа жауап беріп, Украинаға әскери көмекті арттырғандарын білдірді. «Егер орыстар 2014 жылы Қырымның аннексиясы барысындағы қадамдарын қайталаса, қолымызда көптеген таңдау бар екенін жеткіздік» деді ол.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен Стокгольмде Ресей Сыртқы істер министрі Лавровпен кездесуінде Мәскеу Украина шекарасында әскери кикілжіңді асқындырған жағдайда, құнын ауыр төлейтіні туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар Псаки Беларусьте Александр Лукашенко билігін нысанаға алған жаңа санкциялар келтіргендерін айтып, соңғы санкциялардың бесінші санкция толқыны екенін еске салды.

АҚШ әкімшілігі Беларусь билігіне қатысты 12 ұйым мен 20 адамға бүгін санкция тізіміне алғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар