Донбасста бір украин әскері өлтірілді

Украина Қарулы күштері ресейшіл жікшілдердің шабуылдары туралы мәлімдеді.

1741913
Донбасста бір украин әскері өлтірілді

Кеше Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында ресейшіл сепаратистердің шабуылы салдарынан бір украин әскері қаза тапты.

Украина Қарулы күштері кеше сепаратистердің атысты тоқтату келісімін 4 рет бұзғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде Донбасстың Шуми, Маринка, Авдивия және Новотройстке аймақтарында сепаратистердің оқ жаудырғаны, шабуылдар нәтижесінде бір украин әскерінің қаза тапқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде бүгін атысты тоқтату режимін бұзу әрекеті тіркелмегені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар