2020 жылы 281 миллион босқын тіркелді
16 миллион кісімен Германия Еуропада ең көп шетелдік босқынға үй иесі болған ел ретінде тіркелді.

Дүниежүзі көлемінде өткен жылы босқын санының 281 миллион адамға жеткені жарияланды.
Халықаралық Көші-қон ұйымының Әлемдік көш рапортында босқын саны өткен жылы 281 миллион адамға жеткені білдірілді.
2019 жылы босқын саны 272 миллион, 1990 жылы 128 миллион болатын.
Рапортта өткен жылы 26 миллион жаңа босқын тіркелгені, 55 миллион кісінің өз елінде қоныс аударғаны хабарланды.
Рапортта өткен жылы күш қолдану мен қақтығыстар себепті үйлерінен кеткен кісі саны рекорд жаратты.
Оңтүстік Суданда 2 миллион, Епиофияда 1 миллион 700 мың адам жер мекенінен айырылды.
16 миллион кісімен Германия Еуропада ең көп шетелдік босқынға үй иесі болған ел ретінде тіркелді.
Рапортта 6 миллионнан астам босқынға үй иесі болған Түркия ең көп босқын қабылдаған 20 ел тізімінде 12-ші орынды иелегені хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар

Африкалықтар көш жолында қаза табуда
Әр жылы жүздеген африкалық тіпті жақсы тұрмыс кешіру үшін Сауд Арабиясына көшуге тырысуда. мигра
«Әлемдегі ең қарт адам»-Хуан Винсенте Мора
Венесуэлалық Хуан Винсенте Мораның 11 баласы, 41 немесесі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар.