Omicron штамына байланысты саяхат шектеулері

Ұйымның жазбаша мәлімдемесінде Omicron нұсқасына қатысты халықаралық қауымдастыққа ұсыныстар жасалды.

1741305
Omicron штамына байланысты саяхат шектеулері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) Omicron штамы пайда болған елдер үшін саяхатқа шектеулер бұл нұсқаның жаһандық таралуына кедергі келтірмейтінін хабарлады.

Ұйымның жазбаша мәлімдемесінде Omicron нұсқасына қатысты халықаралық қауымдастыққа ұсыныстар жасалды.

Нұсқаға қатысты соңғы оқиғаларды ДДСҰ хатшылығы мұқият қадағалап отырғаны атап өтілді. Нұсқа алғаш рет пайда болған Оңтүстік Африка Республикасы мен Ботсвана Omicron жағдайларын сәйкесінше жылдам анықтап, хабарлау арқылы сәтті күрес көрсеткені ерекше айтылды.

Мәлімдемеде Omicron нұсқасы «алаңдатушы» деп сипатталды.  Жаңа нұсқаға байланысты аталмыш елдерге саяхатқа шектеулер қойған елдер «осы шараларды айғақтарға сүйеніп» жасауы керектігі білдірілді.

Кейбір елдердің нұсқа пайда болған елдерден рейстерді толығымен тоқтату туралы шешіміне қатысты “Сапарға толық тыйым салу нұсқаның халықаралық таралуына кедергі болмайды, бірақ адамдардың күнделікті өмірі мен тіршілігіне ауыртпалық түсіреді, сонымен қатар олардың өмір сүруіне кері әсер етеді, әрі індетпен халықаралық күреске де кедергі болады” деп айтылды.

Эпидемия уақытында жүк тасымалдау, негізгі өнім жеткізу және гуманитарлық көмек сияқты өмірлік маңызды халықаралық сапарлардың жалғасуы керектігі айтылды.

Omicron нұсқасының таралуын болдырмау үшін барлық елдерге «бақылау және секвенирлеу жүйелерін әзірлеу», «вирустың аяқталған геномдық тізбектерін қолжетімді дерекқорларға жіберу», «штамдар жұққан адам саны мен эпидемиялары туралы ДДСҰ-на хабарлау» жөнінде кеңес берілді.



Ұқсас жаңалықтар