Бес Африка елі бірлесе отырып операция ұйымдастырды
Буркина-Фасо, Гана, Кот-д'Ивуар және Того бірлесе отырып террор ұйымдарына қарсы операция ұйымдастырды.
Буркина-Фасо, Гана, Кот-д'Ивуар және Того бірлесе отырып террор ұйымдарына қарсы операция ұйымдастырды.
Буркина-Фасо Қауіпсіздік басқармасы төрағасы Махиме Коне жасаған жазбаша мәлімдемесінде 2017 жылы қабылданған қауіпсіздік келісім аясында ортақ шекараларға 5 мың 720 әскер орналастырылғанын білдірді.
Коне 21-27 қарашада ұйымдастырылған "Koudanlgou 4 Zone 2" атты операцияда 300-ден астам күдіктінің ұсталғанын, көптеген қару-жарақтың қолға түсірілгенін баяндады.
Сахель аймағанды Буркина-Фасо, Мали және Нигер бірталай уақыттан бері террор ұйымы Әл-Каида және ДАИШ-тің шабуылдарына тап болған еді.
Террор ұйымдары соңғы жылдарда оңтүстікке қарай бет алып, Того және Кот-д'Ивуар мемлекетіне дейін басып кірген. Осы жағдайға байланысты аймақ елдері ортақ операциялар арқылы террор ұйымдарының күшін әлсіретуге тырысуда.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигрант қаза тапты
Осы жылдың басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигранттың қайтыс болғаны хабарланды.