Зеленский Радаға жаңа заң жобасы ұсынды
Зеленский қабылдаған шешім шетел әскерлерінің Украина жеріне кіруіне рұқсат беруді қамтиды.
Украина президенті Владимир Зеленский шетелдік әскери жасақтардың халықаралық оқу-жаттығуларға қатысу үшін 2022 жылы елге кіруіне рұқсат беру туралы заң жобасын Жоғарғы Радаға (украин парламенті) ұсынды.
Спутник ақпарат агенттігінің хабарлауынша заң жобасы «Украина президентінің 2022 жылы басқа елдердің әскери бөлімшелерінің көпұлтты әскери оқу-жаттығуларға қатысу үшін елге кіруіне рұқсат беру туралы шешімін бекіту туралы заң жобасы» деп аталады.
Украина заңдарына қарағанда елде заңдармен белгіленбеген барлық әскери құрылымдардың қызметіне тыйым салынған. Шетелдік әскери базаларды құру елде заңсыз болғандықтан, шетелдік сарбаздар елге Президенттің Радаға берген арнайы ұсынысымен ғана кіре алады.
Шетелдік сарбаздарға 2021 жылы Украинада өтетін халықаралық әскери жаттығуларға қатысуға арнайы рұқсат 2020 жылы берілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді
Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.