Магдалена Андерссон қайтадан премьер-министр болды

Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Магдалена Андерссон қайтадан пермьер-министр болып сайланды.

1740381
Магдалена Андерссон қайтадан премьер-министр болды

Швеция Парламентінде сенім дауысын алған Социал-демократиялық партиясының жетекшісі Магдалена Андерссон қайтадан пермьер-министр болып сайланды.

Парламенттегі дауыс беруде Социал-демократиялық партиясы мен Жасылдар партиясынан құралған коалиция үкіметі үшін 173 депутат қарсы және 101 депутат қолдау дауысын берді. 

"Болмайды" деген дауыс 175-ден аз болғандықтан Магдалена Андерссон төрайым болған коалиция үкіметі сенім дауысын алды. 

Магдалена Андерссонның 24 қарашада премьер-министр болып  сайлануынан кейін коалиция үкіметінің ортағы Жасылдар партиясы оңшыл партиялар дайындаған бюджеттің Мәжілісте мақұлдануына орай үкіметтен шегінгенін жариялады.

Жасылдар партиясының үкіметтен шегінуінен кейін Магдалена Андерссон  отставкаға кеткенін жариялаған, Андерссонның премьер-министрлігі 7 сағат қана жалғасқан еді. 

Магдалена Андерссонға 25 қарашада Мәжіліс төрағасы Андреас Норлен тарапынан үкімет құру үшін қайтадан міндет берілген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар