Дорси қызметінен кетті
Twitter-дің Нью-Йорк қор биржасында акцияларының құны 3 пайыз артты.

Twitter әлеуметтік медиа платформасының бас атқарушы директоры (CEO) Джек Дорси қызметінен кетті.
Дорси өзінің Twitter-дегі парақшасында жұмыстан кетуге шешім қабылдағанын және отставкаға кеткенін хабарлады.
Джек Дорси компания қызметкерлеріне кету шешіміне қатысты жолдауында «Менің ойымша, компанияның өз негізін қалаушысының ықпалына немесе бағытына тәуелді болмастан өздігінен жұмысын жалғастыра беруі өте маңызды» деді.
Twitter-де жасалған мәлімдемеге қарағанда, Директорлар кеңесі компанияның бас технологиялық директоры Параг Агравалды бірауыздан Аға менеджер және Директорлар кеңесінің мүшесі етіп тағайындады.
Мәлімдемеде сонымен қатар Дорси 2022 жылғы акционерлер жиналысында өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Директорлар кеңесінің мүшесі болып қалатыны айтылған.
Джек Дорси Twitter-ден кету туралы шешім қабылдағаннан кейін компанияның Нью-Йорк қор биржасында акцияларының құны 3 пайыз артты.
Ұқсас жаңалықтар

Ресей Франция мен Испания дипломаттарын қуды
Ресей 27 испандық және 41 француз дипломатты "Ұнатылмайтын адам" деп жариялады.

Беларусьте өлім жазасы атқарылады
Президент Александр Лукашенко Беларусь Жаза заңына өзгерістер енгізу құжатына қол қойды.