ИЫҰ Исаак Герцогті айыптады

Бұл әрекеттің "Қасиетті Ибрахим мешіті" мен қаланы еврейлестіруге бағытталған дайындық пен бақылауды күшейту мақсатымен жасалғаны білдірілді.

1740235
ИЫҰ Исаак Герцогті айыптады

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Израиль президенті Исаак Герцогтің жауланып жатқан Батыс Шерияның Ел Халил қаласындағы "Қасиетті Ибрахим мешітіне" кіруіне наразылық көрсетті.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан жасалған мәлімдемеде Израиль президенті Исаак Герцогтің "Қасиетті Ибрахим мешітіне" кіруін айыптап:

"Бұл әрекет "Қасиетті Ибрахим мешіті" мен қаланы еврейлестіруге бағытталған дайындық пен бақылауды күшейту мақсатымен жасалғаны, мұсылмандардың сезімдеріне бағытталған арандатушылық" деп көрсетілді.

Бұл сапар Палестина халқының құқығына, территориясына және қасиетті құндылықтарына бағытталған Израиль шабуылдарының жалғасы екені дәріптелген мәлімдемеде халықаралық қоғамды Палестинадағы қасиетті және тарихи мекендерді қорғау үшін әрекет жасауға шақырылды.

Мәлімдемеде халықаралық қоғамнан Израильге осындай шабуылдарды тоқтату үшін қысым жасау сұралды.

Израиль президенті Исаак Герцог кеше еврейлердің "Жарық мерекесін" құттықтау үшін жауланып жатқан Батыс Шерияның Ел Халил қаласындағы "Қасиетті Ибрахим мешітіне" кірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар