ЮНИСЕФ Йеменге жәрдем берді

Йемендегі қақтығыстар соңғы кезде үкіметтің басты қамалы, мұнай мен табиғи газ байлығы мол Мариб пен төңірегінде артты.

1740268
ЮНИСЕФ Йеменге жәрдем берді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балаларға жәрдем қоры ЮНИСЕФ Йеменнің Мариб уәлаятындағы мөлшермен 8 мың босқынға азық-түлік пен түрліше жәрдем мтареиалдары таратылғанын хабарлады.

ЮНИСЕФ Твиттер желісінде жарияланған мәлімдемеде:

"Марибтегі босқын отбасылар лагерде қауіпсіздік пен жәрдем қарастыруда.  Жаңа босқындар лагері Ес-Сумейиедегі 8 мың босқынның шұғыл қажетіне қолдау беру мақсатымен ЮНИСЕФ аттанысқа келді" деп көрсетілді.

Лагерге 133 мың текшеметр таза су, 1330 тазалық материалдары мен 78 портативті дәретхана салу жұмыстары жалғасып жатқаны және 13 су тарату түйіні құрылғаны білдірілді.

Йеменде Ираннан қолдау алған хуситтер 2014 жылы қыркүйектен бері бас қала Сана мен кейбір аймақтардың билігін иелеп отыр. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылы наурыздан бастап хуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беруде.

Елдегі қақтығыстар соңғы кезде үкіметтің басты қамалы, мұнай мен табиғи газ байлығы мол Мариб пен төңірегінде жалғасуда. 



Ұқсас жаңалықтар