Коронавирустың жаңа штамын талқылайды

B.1.1.529 деп аталатын Ковид-19 жаңа нұсқасы 9 адамнан табылды.

1739277
Коронавирустың жаңа штамын талқылайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Оңтүстік Африкада пайда болған және вакцина әсер етпейді деп есептелетін коронавирустың жаңа түрін (Ковид-19) талқылау үшін бүгін сарапшылар жиналысын өткізетінін хабарлады.

Оңтүстік Африка Республикасы мен Ботсванада Ковид-19 көп мөлшерде мутацияға ұшырағаны жарияланып, жаңа нұсқасы анықталды.

B.1.1.529 деп аталатын Ковид-19 жаңа нұсқасы 9 адамнан табылды.

Сонымен қатар бұл жаңа нұсқа Оңтүстік Африкадан Гонконгқа сапар шеккен адамда анықталды.

Ғалымдар «супер штамм» ретінде сипатталған B.1.1.529 нұсқасында 32 мутация бар екенін айтады.

Швейцарияның Женева қаласында сарапшылар өткізетін жиында жаңа штамға қарсы қолданылатын шаралар талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар