Сомалидегі шабуылда 8 адам көз жұмды

Шабуылда кем дегенде 8 адамның қаза тапқаны, 23 адамның жарақат алғаны білдірілді.

1738468
Сомалидегі шабуылда 8 адам көз жұмды

Сомалидің астанасы Могадишода ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 8 адам ажал құшты.

Сомали полициясы шабуылдың Африка Одағы Сомали Миссиясының конвойының өтуі барысында бомба тиелген көлікпен жасалғанын мәлімдеді.

Шабуылда кем дегенде 8 адамның қаза тапқаны, 23 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Еш-Шабаб террор ұйымы Сомалиде үнемі қауіпсіздік күштері мен жай халықты нысанаға алуда.

 



Ұқсас жаңалықтар