Үндістандағы сел апатында 17 адам қаза тапты

Қоқсық астында қалған 10 адам құтқарылды.

1736351
Үндістандағы сел апатында 17 адам қаза тапты

Үндістаның оңтүстігіндегі Андхра Прадеш уәлаятында тоқтаусыз жауған нөсер жауын салдарынан сел апаты болды. Сел апатында бір ғимараттың құлауы кесірінен кем дегенде 17 адам көз жұмды.

Андхра Прадеш уәлаятында 18 қарашадан осы таңға дейін тоқтаусыз жаңбыр салдарынан 5 ауданда сел жүргені білдірілді.

Қоқсық астында қалған 10 адам құтқарылды. Іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

Лауазым иелері тоқтаусыз жаңбырдан ең көп ықпал көрген Кадара қаласында жергілікті әуежайының 25 қарашаға дейін жабық болатынын мәлімдеді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар