Мигранттар жабық алаңға орналасты

Лукашенконың нұсқауымен азық пен төсек таратылды.

1735947
Мигранттар жабық алаңға орналасты

Беларусь пен Польша шекарасында Еуропаға көшге талпынған мигранттар шекара бойындағы баракалардан кетті.  Олар Беларусь үкіметі дайындаған жабық алаңға орналасты.

Беларусьтың Гродно қаласындағы шекара бойында мигранттар орманда өз мүмкіндіктерімен құрған лагерьлеріндегі заттарын жинады. Мигранттардың көбі Ирак, Сирия, Ауғанстан, Иран және кейбір Азия мен Африка елдерінен келгендер.

Осылайша Польша шекарасындағы алаң тазаланды.

Беларусь Мемлекеттік шекара комитеті шекарадағы лагерьде ешкім қалмағандықтан осы алаңда журналистер жұмыс істемейтінін, журналистердің мигранттар орналасқан логистикалық орталықта жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың нұсқауымен Брухги шекара аймағындағы логистикалық орталыққа орналастырылған мигранттарға медициналық көмек,  ыстық тамақ,  су,  гигиеналық материал және төсек-жастық таратылды.

Мигранттардың он күннен бері салқын ауа райында сыртта өмір сүргеннен кейін жабық алаңға жылдам барып орналасуы назар аударды.

Осы арада Беларусь Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Наталия Эйсмонт Беларусь жерінде қазір 7 мың мигрант бар екенін, шекарада лагерьде шамамен екі мың мигранттың күтіп тұрғанын айтты. Ол 200-500 кісінің Беларусьтың Еуропамен басқа шекарасында тұрғанын айтты. Бұлар - Польша тарапынан Беларусь жеріне кері қайтарылған мигранттар.

 



Ұқсас жаңалықтар