Пентагонның Түркия мәлімдемесі

Пентагон: «Түрік Қарулы Күштерінің әскери модернизациялық қажеттіліктерін мойындаймыз».

1735437
Пентагонның Түркия мәлімдемесі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігі (Пентагон) АҚШ-тың «Түрік Қарулы Күштерінің әскери модернизациялық қажеттіліктерін мойындағанын» хабарлады.

Пентагон 16 қараша күні Пентагонда өткен Түркия-АҚШ қорғаныс министрліктері арасындағы Жоғары деңгейдегі қорғаныс тобы жиналысына қатысты мәлімдеме жасады.

Америкалық делегацияға басшылық жасаған Қорғаныс министрінің орынбасары Лаура Купердің «Түрік Қарулы Күштерінің әскери модернизациясы қажеттіліктерін мойындағанын» атап көрсеткен мәлімдемеде «Делегациялар АҚШ президенті Джо Байден мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған және Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар арасындағы келіссөздер негізінде көптеген функционалдық және аймақтық мәселелерді талқылады» делінді.

Кездесу барысында терроризм және Ауғанстан, Африка, Кавказдың оңтүстігі, Жерорта теңізінің шығысы және Таяу Шығыстағы қауіпсіздік тақырыптарының талқыланғанына назар аударылған мәлімдемеде Купердің сондай-ақ Қаратеңіздегі ынтымақтастыққа да тоқталғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Тараптар сондай-ақ екіжақты қорғаныс саласында ынтымақтастық және ұзақ мерзімді қарым-қатынасымызды ілгерілету нысанамызды талқылады. Министр орынбасары Купер Түркияның модернизация қажеттіліктерінің АҚШ-тың НАТО-ға қолдауының бір бөлігі ретінде танылғанын қайта еске салды» делінді.

Ұлттық қорғаныс министрлігінен кездесуге қатысты жасалған мәлімдемеде болса «делегация аралық жиналыстың оң және сындарлы ортада өткені» білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар