АҚШ Украинаға қолдауын қайталады

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Ресей президенті Владимир Путиннің нақтылы не істеуге тырысқанын біле алмағандарын айтты.

1735538
АҚШ Украинаға қолдауын қайталады

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрі Ллойд Остин Ресейдің Украина шекарасындағы әскери күштері тақырыбында алаңдағанын білдіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің нақтылы не істеуге тырысқанын біле алмағандарын айтты.

Министр Остин күн тәртіпке байланысты баспасөз жиналысында Ресейге қатысты бір сұраққа орай "Бұл жерде екі маңызды мәселе бар. Біреуі-Украина шекарасындағы Ресей әскери күштері. Енді біреуі болса Ресейдің өз жер серігін құруға тарысуы. Бұл екі әрекет те қазіргі қауіпсіздік жағдайға үлес қоспауда және бізді қатты алаңдатуда. Сондықтан Ресейді тіпті мұқиятты әрекет етуге және Украина шекарасындағы әскери күштері тақырыбында ашық болуға шақырамын" деген сөздер қолданды. 

Украина шекарасындағы әскери күштер тақырыбында АҚШ-тың Еуропа қарулы күштері қолбасшысы генерал  Тод Уолтерспен жүйелі түрде кездескенін түсіндіріп, "Әслінде Путиннің нақтылы мақсатының не екенін біле алмадық" деді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар