"Түркия маңызды қадам басты"

Николаус Мейер-Ландрут: "Түркия Париж келісіміне қол қою арқылы маңызды қадам басты. Біз Түркияның қадамына риза болдық"деді.

1734794
"Түркия маңызды қадам басты"

Еуропалық Одақтың Түркия делегациясының басшысы, елші Николаус Мейер-Ландрут Түркияның Париж келісіміне қол қою арқылы маңызды қадам басқанын айтты.

Елші Николаус Мейер-Ландрут Трабзонда ұйымдастырылған "Еуроодақ-Түркия Жастар климат форумының беташарындағы сөзінде климат өзгерістерін азайту үшін жаһандық ысынудың, климат өзгерісімен күресу үшін көмірқышқыл газының шығарындыларының азайтылуы керектігін жеткізді.

Николаус Мейер-Ландрут Түркияның Париж келісіміне бір айдың алдында қол қойғанын ескертіп:

"Түркия Париж келісіміне қол қою арқылы маңызды қадам басты. Біз Түркияның қадамына риза болдық. Осы қадам арқылы Түркия Еуропа Одағына мүше елдер мен әлемнің қалған елдерімен ұқсас жолға кірді, бетін бір бағытқа бұрды" деді.

Еуроодақтың жасыл келісімді қабылдағанын айтқан елші:

"Осы жасыл келісім мүше елдер атқаруға тиісті, қол жеткізуге тиісті нысаналарды көрсетеді. Көмірқышқыл газы шығарындыларының 2030 жылға дейін 55 пайыз азайтылуы және 2050 жылға дейін тоқтатылуы нысанасы белгіленді. Бұл нысаналар президент Ердоған тарапынан Түркия үшін жарияланған 2053 жылға дейін көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту нысанасымен үйлеседі" деді.



Ұқсас жаңалықтар