Сьерра-Леонедегі жанармай танкері апатында қаза тапқандар саны 144-ке жетті

Денсаулық сақтау министрлігі ауыр жаралы тағы 13 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

1734094
Сьерра-Леонедегі жанармай танкері апатында қаза тапқандар саны 144-ке жетті

Сьерра-Леоне бас қаласы Фритаунда 5 қараша күні жанармай танкерінің жарылу салдарынан қаза тапқандар саны 144-ке жетті.

Денсаулық сақтау министрлігі Фритаунның Веллингтон аймағындағы апатта жарақат алғандардың 13-інің қаза тапқанын мәлімдеді.

Осылайша апаттан қаза тапқандар саны 144-ке жетіп, 57 адам әлі емделуде, оның 11-інің жағдайы ауыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Сьерра-Леонеге 6,6 тонна шұғыл медициналық материал жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар