Перуда топтық мазар табылды

Мамандар Чиму тұрғындарының адамдарды құрбандыққа шалғанын және балалардың жүрегін ойғанын жеткізді.

1733737
Перуда топтық мазар табылды

Перудың ежелгі Чан Чан қаласында 25-30 адам қаңқасынан құралған топтық мазар табылды.

Оңтүстік Американың Колумбияға дейінгі дәуірінің ең ірі қаласында табылған мазар тарихтың қараңғы беттерін нұрландырды.

Мамандар Чиму тұрғындарының адамдарды құрбандыққа шалғанын және балалардың жүрегін ойып алғанын білдірді.

Қалдық мазарлар 32 текшеметрлік шағын бір алаңнан табылды. 

Reuters агенттігіне сұхбат берген археолог Хорхе Менезе бұл қауым адамдарды құрбан етумен танылғанымен аймақтан бұған ешқандай дәлел табылмағанын айтты.

Зерттермендер адамдардың өлім себебін белгілеу үшін жеке-жеке  сынама жасауды жоспарлауда. 



Ұқсас жаңалықтар